Мамандықтың сипаттамасы
«Коммерция» мамандығы тауарлар мен қызметтерді жылжыту тәсілдерін, жарнаманы, коммерциялық істің ұйымдастырушылық құрамдас бөлігін үйретеді. Болашақ мамандар келісімшарттар жасауды, компания мен тұтынушылар арасындағы байланысты дамытуды, басқа компаниялармен ынтымақтастықты, сатып алуды және логистикамен айналысуды үйренеді.
Кім болып жұмыс жасайды
Коммерциялық агент
Маркетолог
Тауар сарапшысы
Логистика маманы
Сауда өкілі
Саудагер