Қазақстанның білім беру саласындағы үздік көшбасшылардың бірі «Distantia» компаниясы, жас таланттарды қолдау миссиясын жалғастыруда. Осы жылы компания екі студентке шетелде жоғары білім алуға керемет мүмкіндік берді. Студенттердің біріне 100 пайыздық тегін оқу бақыты бұйырса, екінші студент оқуға 50 пайыздық жеңілдігі бар құнды грант алды.
2012 жылдан бастап компания абитуриенттерді шетелдегі үздік жоғары оқу орындарына түсіріп, көмектесумен белсенді түрде айналысуда. Бұл бастама жастарға шетелде сапалы білім алуға көмектесіп қана қоймай, түрлі салаларда болашақ көшбасшы бола алатын талантты тұлғалардың дамуына қолдау көрсетуді мақсат етеді.
Шетелдік университетте білім алуға грант иегері атану әр студент үшін үлкен сәттілік. Бұл тек қаржылық қана емес, олардың дарыны мен болмысын мойындау. Бұл мүмкіндікке ие болған студенттер әлемдік білім ордаларында оқып қана қоймай, тәжірибелі профессорлар мен зерттеушілермен пікір алмасып, әлемнің түкпірінен келетін жас ғалымдармен кездесу мүмкіндігіне ие болады.
«Distantia» компаниясының идеялық шабыттандырушысы Дидар Болтаев бұл бастамаға қатысты өзінің көзқарасын білдірді:
«Біз дарынды жастардың оқуын қолдап, мансаптық өсуіне ықпал көрсете алатынымызбен мақтан етеміз. Білім — бұл қоғам мен инновацияның дамуының кілті. Біздің стипендиаттар ғылым, мәдениет пен бизнеске үлкен үлес қосатынына сенімдіміз».
«Distantia» компаниясы білім алуды қолдау миссиясын жалғастырады және шетелде білім алғысы келіп жүрген жастарды шақырады. Бәріміз бірге білімге, инновация мен мүмкіндіктерге құрылған болашақты бірге құра аламыз.