30 мыңнан астам колледж оқытушылары біліктілігін арттыру курстарынан өтті

11.01.2024
Waist up portrait of young female teacher looking at camera and smiling while standing by blackboard in school classroom, copy space

Білім министрлігінің «Талап» КЕАҚ ұйымдастырған біліктілігін арттыру курстарынан үш мыңға жуық техникалық және кәсіптік білім беру мамандары тәмамдады. Жыл соңына дейін тағы алты мың адам қайта даярлау курсынан өтеді.

Республиканың барлық аймақтарындағы курстар аясында колледж оқытушылары 5 түрлі бағдарлама бойынша білім алуда.

Айта кетерлігі, бірінші бағдарлама бойынша қазірдің өзінде 2500-ден астам арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері дайындалды. Олар 72 сағат аудиториялық оқудан және 36 сағат тәжірибеден өтті, оның ішінде 425 ірі және шағын кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтті. Курстар сәулет, бизнес, тау-кен өнеркәсібі, денсаулық сақтау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және т.б. қоса алғанда 18 түрлі салада жүргізіледі.

Екінші оқу бағдарламасы аясында 7 облыстың 119 әдіскері әдістемелік қызметтің күнделікті қызметіне қатысты тәжірибелік істерді шешуге, сонымен қатар мұғалімдердің жұмысын талдап, зерттеуге мүмкіндік алды. Үшінші оқу бағдарламасына 13 өңірден 99 колледж директоры кірді, олардың әрқайсысы коучинг құралдарын және корпоративтік басқаруды пайдалана отырып, менеджмент аспектілерін оқыды.

Сонымен қатар, 223 директор көмекшісі де кәсіби қажеттіліктеріне сай келетін бағдарламаларды таңдап, оқуға қатысады.
Республикада білім сапасын арттыру мақсатында 2020-2023 жылдар аралығында 30 мыңнан астам колледж оқытушылары мемлекет тарапынан қаржыландырылатын біліктілікті арттыру курстарын сәтті аяқтады.

Бөлісу