Білімі туралы құжаттарды тану

11.01.2024

Егер сіз шетелде білім алған болсаңыз және Қазақстанда жұмыс істегіңіз келсе немесе оқуыңызды жалғастырғыңыз келсе, онда сіздің дипломыңызды мойындау керек, яғни Қазақстан аумағында заңды күшіне енуі үшін.

Бұл материалда біз бұл процедура туралы толығырақ айтатын боламыз.

Білім туралы құжаттарды тану дегеніміз не?

Білім туралы құжаттарды тану шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми растау болып табылады.

Қандай құжаттар тануға жатады және тануға жатпайды?

Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы шетелдік құжаттар тануға жатады.

Еуропалық қосымша (ДИПЛОМДЫҚ ҚОСЫМША) негізгі дипломнан бөлек тану рәсіміне жатпайды — барлық Еуропа елдерінде бірыңғайланған деңгей, бағдарлама және біліктілік немесе дәрежелерді анықтау үшін алынған нәтижелер туралы ақпаратты қамтитын нысан.

Белгілі бір салада біліктілігі бар кәсіби қайта даярлау туралы дипломдар тану рәсіміне жатпайды.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері – Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттар тану рәсімінен өтпей танылады.

Бөлісу